00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Mercedes-Benz компаниясына 17 млн доллар айыппұл салынды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Mercedes-Benz компаниясына 17 млн доллар айыппұл салынды

Оңтүстік Корея өкілдерінің хабарлауынша, 2012-2018 жылдар аралығында Mercedes-Benz темір тұлпарларына заңсыз бағдарламалық жасақтама орнатқан екен. Соның көмегімен ауаны ластау көрсеткіштері төмендетіліп отырыпты.

Одан бөлек, оңтүстіккореялықтардың мәліметінше, 2013-2016 жылдар аралығында автоөндіруші қоршаған ортаға бөлетін заттары бойынша көліктері «Еуро-6» стандартына сай келеді деп жалған жарнама жасаса керек. 

Ауаға бөлінетін зиянды заттарға қатысты деректерді бұрмалау көлік сатып алуға келген адамға дұрыс таңдау жасауға мүмкіндік бермейді. Бізде бұған дейін де Фольксваген компаниясына қатысты дау шыққан еді. Енді мына оқиғалар жайлы белгілі болды. Сондықтан біз айыпұл салу шешімін қабылдадық, - деді Оңтүстік Кореяның әділ сауда жөніндегі комиссиясының өкілі Мун Чон Сук.