Тоқаев Өнеркәсіп және құрылыс министрін тағайындады


Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болып тағайындалды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды, - деп жазылған хабарламада.
Ерсайын Нағаспаев жоғары білімді, Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін «Халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша тәмамдаған.
2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте жұмыс істеп келеді.
Еңбек жолын Теміртау қаласы әкімінің аппаратында бастады. ҚР Сыртқы істер, көлік және коммуникация министрліктерінде түрлі қызметтерді атқарды. Вице-премьердің кеңесшісі болды.
«Ақтау халықаралық порты» РМК-да жұмыс істеді.
Қарағанды қаласы Қазыбек би атындағы аудан әкімінің орынбасары, Қарағанды облысы әкімінің кеңесшісі болды.
Бұған дейін бұрынғы Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі болып тағайындалғанын жазған болатынбыз.