Серікбай Трұмов Сенаттың Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы болып сайланды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, комитет төрағасы депутаттардың арасынан, сенаторлардың ұсынысы бойынша сайланады. Осы орайда бүгін Сенаттың жалпы отырысында осы лауазымға Серікбай Өтелгенұлы Трұмов ұсынылды.
Ашық дауыс беру арқылы шешім қабылданып, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы лауазына Серікбай Трұмов бекітілді.
Ол осыған дейін Маңғыстау облысының әкімі қызметін атқарып, ал 2021 жылғы қыркүйектен бастап Сенат депутаты болды.
Ұқсас жаңалықтар