00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Сенат төрағасының жаңа орынбасары сайланды

Конституциялық нормаларға сәйкес, Палата төрағасының орынбасарына кандидатураны Сенат төрағасы ұсынады. Осы құқықты пайдалана отырып, бұл лауазымға Ольга Валентиновна Перепечинаның кандидатурасын ұсынамын. Ольга Валентиновнаны баршаңыз жақсы білесіздер, өз ісінің нағыз маманы, тәжірибелі сенатор. Соңғы төрт жылдан астам уақытта Сенаттың Қаржы және бюджет комитетін басқарды, - деді Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев.

Сенат регламентіне сәйкес, Палата төрағасының орынбасарын сайлау туралы қаулы ашық дауыс беру арқылы қабылданды. Депутаттар бұл шешімді бірауыздан қолдады.

Айта кетейік, Президент Жарлығымен Нұрлан Әбдіровтің Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Нұрлан Әбдіров ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы лауазымына тағайындалған болатын.