Теннисші Әмір Омарханов әлемдік рейтингте алғаш рет үздік бестікке енді
Халықаралық теннис федерациясы (ITF) жаңартылған жасөспірімдер рейтингін жариялады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
17 жастағы қазақстандық Әмір Омарханов рейтингте он сатыға жоғары көтеріліп, қазір төртінші орында тұр. Ол мансабында алғаш рет ТОП-5 қатарына кірді.
Өткен маусымда Омарханов Пекинде өткен J300 турнирін жекелей және жұптық сында үш ірі жарысты, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирін жеңіп алды.
Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде Заңғар Нұрланұлы да жоғарылады. 16 жастағы қазақстандық 38-орынға көтерілді (+36). 2024 жылы Нұрланұлы жекелей сында үш ірі титулды жеңіп алды: Измирдегі J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100.
Дамир Жалғасбай ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 112-орында (+84). Дамир былтыр Краковта өткен турнирде жеңіске жетті.