Әскери қызметші тай боксынан әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды

Фото: Қорғаныс министрлігінен
Таиландтың астанасы Бангкокта тай боксынан әскерилер арасында әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлем біріншілігіне Таиланд, Шри-Ланка, Сауд Арабиясы, Түркия, Польша, Иран, Қазақстан, Өзбекстан, Пәкістан, Бахрейн және Бельгиядан барған 80-нен астам спортшы қатысуда.
ҚР Қарулы күштері Арнайы операциялар күштерінің әскери қызметшісі лейтенант Жандос Мадехиянов еліміздің атынан барған жалғыз спортшы болды.
Қазақстандық жалғыз барса да, жәй жауынгер еместігін дәлелдеді. Тартысты жекпе-жекте Жандос Мадехиянов 60 келіге дейінгі салмақта үшінші орын еншілеп, елге қоламен оралып жатыр.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 18:06
Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын медаль жеңіп алды

Бүгін, 17:26
«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады

Бүгін, 13:02
Қазақстан құрамасы үстел теннисінен Азия чемпионатында Солтүстік Кореямен кездеседі

Бүгін, 12:43
Астанада дамытуға басымдық берілген 29 спорт түрі анықталды