Шайбалы хоккейшілер элиталы дивизионға жолдама алды
15 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат
Фото: дереккөз
Венгрияның Будапешт қаласында өтіп жатқан шайбалы хоккейден бірінші дивизиондағы әлем чемпионатында Қазақстан жастар командасы элиталы дивизионға жолдама алды, деп хабарлады Elorda.info.
Төртінші турда Қазақстан хоккейшілері Жапонияны 3:1 есебімен жеңіп, жолдама мәселесін мерзімінен бұрын шешті.
Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер Венгрия (5:2), Дания (3:2) және Франциядан (4:0) басым түсті.
Төрт турдан кейін еншісінде 12 ұпайы бар ел құрамасы бір тур бұрын элиталық дивизионға жолдама алды.
Енді қазақстандық хоккейшілер алдағы ойынын 16 желтоқсанда Аустрияға қарсы өткізеді.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады