Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушы Қазақстан әнұранын жаттап жүр
3 шілде, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: ашық дереккөз
Жаңа маусымнан бастап Қазақстан атынан жарыстарға қатысуға мүмкіндік алған ресейлік мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина еліміздің әнұранын жаттауға кіріскен, деп хабарлады Elorda.info.
17 жастағы Софья төрттік секіру мен қатарынан үш аксель жасай алатын санаулы спортшылар қатарынан. Қазақстан азаматтығын алған спортшы алдағы маусымнан бастап әлемдік жарыстарда бақ сынайды.
«Әнұранның сөзін жаттауды бастадым. Қазақ тілінде дұрыс сөйлеп кететініме күмәнданам, бірақ барымды салып тырысамын», - деді Самоделкина РИА Новости тілшісіне берген сұхбатында.
Айта кетейік, Софья Самоделкина мәнерлеп сырғанаудан жасөспірімдер арасында Ресейдің және әлемдік Гран-придің күміс жүлдегері.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады