00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Президент теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады

7 қаңтар, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Президент теннисші Елена Рыбакинаны жеңісімен құттықтады
Фото: akorda.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев теннисші Елена Рыбакинаны Аустралияда өткен беделді жарыстағы жеңісімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info

Бұл жайлы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты теннисші, Уимблдон турнирінің чемпионы Елена Рыбакинаны Аустралияда өткен беделді жарыстағы сенімді жеңісімен құттықтап, жаңа белестерді бағындыра беруіне тілектестік білдірді, - деп жазды Берік Уәли. 

Айта кетейік, бүгін Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина Брисбен (Аустралия) WTA 500 турнирінде жеңіске жетті.