Президент кубогі: Елордада теннистен дәстүрлі жарыс мәресіне жетті

Оңалхан Оңерхан
Астанада Президент кубогі үшін ATP Challenger Tour турнирінің жеңімпаздары анықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Жекелей сында әлемнің 356-ракеткасы, болгариялық Димитар Кузманов пен дүниежүзілік рейтингіде 533-орында тұрған грузиялық Саба Пурцеладзе чемпиондық атақ үшін таласты.
Бір сағат 28 минутқа созылған матчта болгариялық теннисші 6:4, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ол 5 эйспен бірге 10 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Грузиялық спортшы 6 эйс, 2 брейкпен (8 брейк-пойнт) ерекшеленді.
Жұптық сында финалда өзбекстандық Денис Истомин – ресейлік Евгений Карловскийді 6:4, 6:3 есебімен жеңген ресейліктер Егор Агафонов – Илья Симакин үздік шықты.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 17:01
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

Бүгін, 14:55
Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін, 12:24
Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді

Бүгін, 08:53
Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанды