00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Париж-2024: Бүгін белдескен дзюдошылар алғашқы айналымнан аса алмады

30 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Париж-2024: Бүгін белдескен дзюдошылар алғашқы айналымнан аса алмады
Фото: olympic.kz

Бүгін жарыс жолына қазақстандық дзюдошылардан Абылайхан Жұбаназар мен Есмигул Куюлова шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Абылайхан Жұбаназар Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіліп қалды. Ерлер арасында 81 келіде сынға түскен ол бірінші кезеңде венгриялық Атилла Унгвариге есе жіберді. 

Кездесу қосымша уақытқа дейін созылып, қарсылас маңызды ұпайды алып кетті. 

Сондай-ақ Есмигул Куюлова да Олимпиаданың бірінші кезеңінен аса алмады. 

63 келіде сынға түскен Куюлова бірінші белдесуде аустриялық қарсыласы Любиана Пловесанадан ұтылып қалды. 

Әзірге, қазақстандық дзюдошылар еншісінде бір алтын, бір қола жүлде бар.