Париж-2024: 8 тамызда кімдер жарыс жолына шығады
Париждегі жазғы Олимпиада ойындарының 13-жарыс күнінде қазақстандықтар бес спорт түрінде бақ сынайды, деп хабарлады Elorda.info.
Сондай-ақ, еркін күрес жарысы басталады. Қазақстаннан бірден екі балуан бозкілемге шығады.
Құзға өрмелеу спортында Әмір Маймұратов жартылай финалға шығуға тырысады.
8 тамыз кестесі
Байдарка мен каноэде есу
13:30. Каноэ жекелей, 200 метр. Әйелдер. Бастапқы кезең
Мария Бровкова
Көркем гимнастика
13:00. 18:00. Жекелей көпсайыс. Іріктеу
Эльжана Таниева
Еркін күрес
14:30. Ерлер, 57 кг
Мейрамбек Қартбай – Бекзат Алмаз уулу (Қырғызстан)
14:30. Ерлер, 86 кг
Азамат Дәулетбеков – Аарон Маркэль Брукс (АҚШ)
Заманауи бессайыс
14:00. Семсерлесу. Іріктеу. Ерлер
Георгий Борода-Дудочкин
17:30. Семсерлесу. Іріктеу. Әйелдер
Елена Потапенко
Спорттық құзға өрмелеу
15:41. Жылдамдық. Ширек финал. Ерлер
Әмір Маймұратов