Отандасымыз Мысырдағы жарыстың жеңімпазы атанды
15 тамыз, 2024


Фото: Elordainfo.kz
Қазақстандық Григорий Ломакин жұптық сында Шарм-эль-Шейх (Мысыр) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Жарыстың 1-ракеткалары Г.Ломакин мен ресейлік Евгений Филиппов финалда италиялық Томассо Компануччи – сербиялық Виктор Йовичпен бас жүлде үшін сынға түсті.
Италиялық-сербиялық дуэттің доданың 2-ракеткалары болып тіркелгеніне қарамастан, ойын тағдыры екі сетте шешілді.
Қазақстандық-ресейлік жұп қарсыластарын 6:2, 7:5 есебімен тізе бүктірді.
Осылайша, 25 жастағы қазақстандық теннисші аталмыш турнирде жұптық сында үздік шықты. Соның нәтижесінде Г.Ломакин ATP Live жұптық рейтингісінде 321-ден 316-сатыға көтерілді.
Ұқсас жаңалықтар

17 ақпан, 2025
Халықаралық күрес федерациясының президенті Тоқаевқа ризашылығын білдірді

17 ақпан, 2025
Қазақстан әйелдер күресінен екі алтын медаль жеңіп алды

17 ақпан, 2025
Ким Ир Сеннің төсбелгісі, 19 жылдан кейінгі кездесу: Футболдан ұлттық құрама Солтүстік Кореямен қалай ойнаған?

17 ақпан, 2025
Ерасыл Қажыбаев дзюдодан Grand Slam турнирінде қола жүлдеге ие болды