Ольга Сафронова әлеуметтік желіде 3 Олимпиадада киген формаларын көрсетті

коллаж Elorda.info
Жеңіл атлетикадан бақ сынайтын отандасымыз Ольга Сафронова әлеуметтік желідегі парақшасында 3 Олимпиаданың салтанатты шеруінде киген киімдерін көрсетті, деп хабарлады Elorda.info.
Париж Олимпиадасының салтанатты ашылуында еліміздің көк туын алып шығатын Ольга Сафронова 2016, 2021, 2024 жылдардағы Қазақстанның салтанатты шеруге арналған киім үлгісін креативті түрде жұртшылық назарына ұсынды.
Спортшы видеода Лондон Олимпиадасының киімі сақталмағанын да айта кетті.
Естеріңізге сала кетейік, жеңіл атлетикадан Париж Олимпиадасындағы негізгі жарыстар 1-5 тамыз аралығында өтеді.
Ұқсас жаңалықтар

14 қазан, 2025
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

14 қазан, 2025
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

13 қазан, 2025
Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын медаль жеңіп алды

13 қазан, 2025
«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады