Назым Қызайбай бизнеске бет бұрды
Видеодан скрин
Он күн бұрын бокстан үшінші мәрте әлем чемпионы атанған Назым Қызайбай жеке кәсібін жарнамалады, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Боксшы Жетіген қаласында орналасқан тез тамақтануға арналған дүңгіршектің алдында тұрып, ауқаттанған.
«Енді бір газдалған сусын болса... Жетігендегі мына (дүңгіршектің атауын айтты) жерге келіңіздер. Бүгін сағат 18:00-де арнайы сіздер үшін сіңіліммен бірге донер секілді тағамдар дайындаймыз. Келіп дәм татыңыздар», - деді Назым Қызайбай
Сондай-ақ ол әлем чемпионатынан кейін немен шұғылданғаны жайында да айтып өткен.
«Жақындарыммен уақыт өткіздім. Енді қайтадан дайындыққа кірісемін», - деді ол.
Ұқсас жаңалықтар
31 қазан, 2025
Жасөспірімдер Азиадасында Қазақстан құрамасы қай орынды иеленді
31 қазан, 2025
Елордалық дзюдошы Азиаданың күміс жүлдегері атанды
31 қазан, 2025
ҚХЛ: «Барыс» Ресейде «Трактор» командасымен кездеседі
31 қазан, 2025
«Аттандық Миланға»: футбол шолушысы Несіп Жүнісбаев «Интер» – «Қайрат» матчына Миланға аттанды
