Нұрқожа Қайпанов үш дүркін Азия чемпионы атанды
Фото: Спортты дамыту дирекциясынан
Еркін күрес шебері Нұрқожа Қайпанов Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатының финалында жеңіске жетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Қазақстандық балуан 74 келіге дейінгі салмақта Қырғызстан спортшысы Орозбек Токтомамбетовпен кездесті. Нәтижесінде Нұрқожа Қайпанов 2:1 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Нұрқожа өткен жылы олимпиадалық емес салмақта (70 келі) әлем чемпионатында жеңіске жеткен болатын.
Сонымен қатар Ризабек Айтмұхан (97 келіге дейін) және Болат Сақаев (86 келіге дейін) екінші орын алса, Рахат Қалжан (57 келіге дейін), Азамат Дәулетбеков (92 келіге дейін) қола медаль иеленген еді.
Ұқсас жаңалықтар
24 қазан, 2025
Азия ойындары: Астаналық велошабандоз құрамамен бірге алтын медаль жеңіп алды
24 қазан, 2025
«Барыс» бүгін «Амур» командасын қабылдайды
24 қазан, 2025
Астанада Amanat партиясы бастауыш ұйымдарының спартакиадасы басталды
23 қазан, 2025
Астанада көркем гимнастикадан Grand Prix Alem бәсекесі басталды
