Нұрғиса Әділетұлы ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Фото: olympic.kz
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшысы Нұрғиса Әділетұлы Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz ҰОК сайтына сілтеме жасап.
Спортшы 96 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде алтын медаль иеленді. Қоссайыс нәтижесі бойынша Нұрғиса 388 (174+214) келі көтерді.
Екінші орынды грузиялық Реваз Давитадзе 387 (177+210) келі нәтижесімен алды. Ал ирандық Али Алипур 387 (173+214) келі көтеріп үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік, бұған дейін 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Алексей Чуркин күміс медаль жеңіп алған еді.
Ұқсас жаңалықтар

17 қыркүйек, 2025
Қазақстан үстел теннисінен Грузияда өтетін турнирге қатысады

17 қыркүйек, 2025
Семсерлесуден Қазақстан кубогында алғашқы жеңімпаздар анықталды

17 қыркүйек, 2025
Шорт-тректен олимпиадалық маусымға арналған Қазақстан құрамасы жарияланды

16 қыркүйек, 2025
Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Азия чемпионатында өнер көрсетеді