00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Месси футболда ең көп жүлде жеңіп алған ойыншы атанды

Месси футболда ең көп жүлде жеңіп алған ойыншы атанды
Фото: Getty Images

Танымал футболшы Лионель Месси Аргентина құрамасымен Америка кубогі жарысында жеңімпаз атанды. Осылайша мансабындағы маңызды 45-ші жүлдесіне қол жеткізіп, рекорд орнатты, деп хабарлады Elorda.info.

37 жастағы шабуылшы 44 чемпиондық атақ жеңіп алған Дани Алвесті басып озды. Бұған дейін екеуінің жүлделер саны тең болған еді. Енді Месси теңдессіз рекорд иесі. Бірде-бір футболшы 45 чемпиондық жүлде еншілемеген.

Ең көп жүлде еншілеген футболшылардың үштігін мысырлық жартылай қорғаушы Хоссам Ашур түйіндейді. Ол «Әл-Ахли» командасы сапында ойнап, 39 жүлде жеңіп алған.

Айта кетейік, Америка кубогінде Месси 4 ойын өткізді, 1 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді.