«Көз тиді ме?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды

Бүгін, 11:13
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views48
«Көз тиді ме?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды
Фото: «Қайрат» футбол клубынан

Алматыдағы «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасындағы Премьер-лиганың 23-тур ойынында күтпеген жағдай орын алды, деп хабарлады Elordainfo.kz.

Ойынның 10-минутында алматылық клубтың негізгі қақпашысы әрі ұлттық құрама ойыншысы Темірлан Анарбеков қарсылас Жайро Жанмен соқтығысып, ауыр жарақат алды. Қақпашының жақ сүйегі сынғаны анықталды.

Оқиға орнында дереу медициналық көмек көрсетіліп, стадионға жедел жәрдем келіп, футболшыны ауруханаға алып кетті. Анарбеков ойынның 13-минутында алаңды босатып, оның орнына 18 жастағы Шерхан Қалмұрза қақпашы қызметін жалғастыруға шықты.

Оқи отырыңыз: «Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы қарсыластары белгілі болды

Айта кетейік, Темірлан Анарбеков биыл жазда жанкүйерлер есінде ерекше ойындарымен қалған еді. Чемпиондар лигасына жолдама беретін шешуші матчтағы пенальти сериясында ол қарсыластың бес соққысының үшеуін қайтарып, «Қайраттың» топтық кезеңге өтуіне өз үлесін қосты.

Желі қолданушылары қақпашыға «көз тиді» деп жарыса жазып, кейбірі ақтөбелік футболшылардың әрекетін сынға алып жатыр.

Клуб 18 қыркүйек күні Чемпиондар лигасы аясында Португалияның «Спортингіне» қарсы ойын өткізеді.