Футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасы жоғары номинацияға ұсынылды

Фото: kff.kz
Қазақстан футзал командасы Futsal Planet нұсқасы бойынша 2024 жылғы әлемнің үздік командасы атағына ұсынылды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Futsal Planet номинациясында Қазақстан ұлттық құрамалар арасындағы ең үздік ерлер командасы атағына үміткерлердің бірі ретінде ұсынылған.
Сонымен қатар көш басында тағы тоғыз команда бар: Аргентина, Аргентина U-20, Бразилия, Франция, Индонезия, Иран, Марокко, Таиланд және Украина.
Еске салайық, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Өзбекстанда өткен әлем чемпионатына қатысып, 1/4 финалға шықты. Сондай-ақ ұлттық құрама УЕФА рейтингінде екінші орында орналасқан.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 13:42
Астана 2026 жылы Бесінші дүниежүзілік кадеттер ойыны өтеді

Бүгін, 10:46
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік турдың жартылай финалына өтті

16 қазан, 2025
Еркін күрестен әлем чемпионатына қатысатын спортшылар анықталды

16 қазан, 2025
Қазақстандық шахматшылар Албанияда үш медаль жеңіп алды