00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Дмитрий Попко Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды

26 желтоқсан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Дмитрий Попко Түркиядағы жарыстың жеңімпазы атанды
Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші, әлемнің 458-ракеткасы Дмитрий Попко Анталия (Түркия) ITF турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың бірінші ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 743-сатыда тұрған испаниялық Макс Алкала Гурримен бас жүлде үшін таласты.

Дмитрий Попко бірінші сетте 6:4 есебімен басым түсті. Екінші партияда да сол қарқынын жоғалтқан жоқ – 7:5. Осылайша, ол Анталия додасында үздік шықты.