Бокстан әйелдер арасындағы үздіктер анықталды

Фото: olympic.kz
Әйелдер боксынан Қарағандыда аяқталған «Мықтылар турнирінің» үздіктері белгілі болды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Жарыстың «Ең үздік боксшысы» атағын әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия чемпионы Алуа Балқыбекова иеленді.
«Жеңіске деген жігері үшін» аталымына жас боксшы Ангелина Витова лайық болды.
«Үздік бапкер» сыйлығы Долкунжан Камековке берілсе, «Үздік төреші» атағын Данара Ахметова жеңіп алды.
Айта кетелік, «Мықтылар турнирінің» қорытындысы бойынша жаңа маусымдағы Қазақстан құрамы жасақталады.
Әйелдер боксынан ұлттық құраманың бас бапкері – Елдос Сайдалин.
Ұқсас жаңалықтар

15 қыркүйек, 2025
Теннисші Жібек Құламбаева алғаш рет WTA деңгейдегі турнирде топ жарды

15 қыркүйек, 2025
«Қайрат» – «Реал» матчының билеттері қашан сатылымға шығатыны белгілі болды

15 қыркүйек, 2025
Түркістанда Орталық Азияда теңдесі жоқ спорт нысаны ашылды

15 қыркүйек, 2025
«Көз тиді ме?»: Темірлан Анарбеков жағын сындырып алды