Боксшы Мұхамедсабыр Базарбайұлы Париж Олимпиадасының ширек финалына шықты

коллаж Elorda.info
Қазақстандық боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (63,5 келі) Олимпиада ойындарындағы екінші жекпе-жегін жеңіспен аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.
1/8 финалда Базарбайұлы Азия ойындарының күміс жүлдегері, тайпейлік Лай Чжуэнмен жұдырықтасты.
Алғашқы раунд жақын қашықтықта өтіп, қазақстандық спортшы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта да тура осы есеп тіркелді.
Соңғы әрі шешуші раундта екі боксшы да аянып қалған жоқ. Төрешілер басымдықты Базарбайұлына беріп, қазақстандық боксшы келесі айналымға өтті.
Ұқсас жаңалықтар

14 қазан, 2025
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

14 қазан, 2025
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

13 қазан, 2025
Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын медаль жеңіп алды

13 қазан, 2025
«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады