Бельгия мен Қазақстан матчының басталу уақыты белгілі болды

Бүгін, 17:05
Ернұр Қайнар Ернұр Қайнар
views61
Бельгия мен Қазақстан матчының басталу уақыты белгілі болды
Фото: kff.kz

7 қыркүйектен 8 қыркүйекке қараған түні Брюссельде (Бельгия) футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясындағы Бельгия – Қазақстан матчы өтеді, деп хабарлады Elordainfo.kz

Кездесу тікелей эфирде Qazsport телеарнасынан көрсетіледі. Трансляция Астана уақытымен 23:45-те басталады.

Қарсылас командалардың жағдайына тоқталсақ, Бельгия құрамасы үш ойыннан жеті ұпай жинап отыр. Қазақстан құрамасының қоржынында төрт ойыннан үш ұпай бар.

Бельгия соңғы матчында сырт алаңда Лихтенштейнді 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Гол авторлары: Максим Де Кёйпер (29-минут), Юри Тилеманс (46, 70-минут, пенальти), Артюр Теате (60-минут), Кевин Де Брюйне (62-минут) және Малик Фофана (90+1-минут).

Оқи отырыңыз: Несіп Жүнісбайұлы: Бүгін бас бапкер жеңілді

Ал Қазақстан құрамасы Уэльске қарсы соңғы ойында 0:1 есебімен жеңіліп қалды. Валлийлік Киффер Мур 25-минутта жалғыз голды соққан еді.