Азия ойындары: Ұлттық құрама жағажай волейболынан іріктеу сайысында жеңіске жетті

Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары аясында жағажай волейболынан іріктеу сайысы басталды, деп хабарлады Elordainfo.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, ұлттық құрама топтық кезеңде төрт матч өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті.
Қыздар құрамасынан Гаяна Галаш пен Мерей Қожахмет алдымен Шри-Ланканы 2:0 есебімен жеңді. Одан кейін қазақстандықтар Қатар құрамасынан да 2:0 есебімен басым түсті.
Ұлдар арасындағы жұптық сайыста Әлихан Ағабек пен Оразалы Сағыныш алғашқы ойында Моңғолияны 2:0 есебімен ұтты. Кейін қазақстандық жағажай волейболшылары Қытай құрамасын 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Ұқсас жаңалықтар

20 қазан, 2025
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған шахмат олимпиадасы басталды

20 қазан, 2025
Қазақстан мен Түркия теннис саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

20 қазан, 2025
Әлем чемпионы Алуа Балқыбекова әскери ант берді

20 қазан, 2025
Елена Рыбакина Қытайдағы WTA 500 турнирінің чемпионы атанды