Қазақстандық спортшылар пара пауэрлифтингтен әлем кубогында 32 медаль жеңіп алды
Тбилиси қаласында пара пауэрлифтингтен әлем Кубогы мәреге жетті, деп хабарлады Elorda.info.
Қазақстан құрамасы 32 медаль еншіледі: 11 «алтын», 12 «күміс» және 9 «қола». Атап айтқанда:
Айдарқызы Әйгерім – 41 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1 орын және үш тәсілдің қосынды сомасының нәтижелері бойынша жасөспірімдер арасында 1 орынды еншіледі. Ол ересектер арасында 2 орын және үш тәсілдің қосындысы 2 орын иеленді.
Солодухина Алина – 45 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-ші орын және әйелдер командалық жарысында 3-ші орын иеленді.
Толжан Фариза – 55 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын, үш тәсілдің сомасы бойынша 2-орын алды.
Берімқұлова Айжан – 50 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орынды және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын, аралас командалық жарыста 3-орын иеленді.
Құрманбаева Гүлім – 45 келіге дейінгі салмақта командалық жарыс бойынша 3 - орын алды.
Қойшыбаева Раушан – 67 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын, ардагерлер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын иеленді. Ал әйелдер командалық жарысында 3 -орын алды.
Маханбетова Мөлдір – 79 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 3-орын және үш тәсілдің сомасының нәтижелері бойынша 3-орын иеленді.
Кәрібай Ерболат – 49 келіге дейінгі салмақта үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.
Баққожа Жақсылық – 80 келіге дейінгі салмақта үш тәсілдің қорытындысы бойынша ересектер арасында 3-орынға және аралас командалық жарыста 3-орынға ие болды.
Хамаев Рахметжан – 88 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 1-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын иеленді.
Баутов Әділжан – 97 келіге дейінгі салмақта ересектер арасында 2-орын және үш тәсіл сомасы бойынша 1-орын алды.
Бойко Снежанна – 45 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 1- орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері 1- орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 2- орынға ие болды.
Әшір Зарина – 50 келіге дейінгі салмақта жасөспірімдер арасында 2-ші орын және үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 1-орын жеңіп алса, ересектер арасында үш тәсіл сомасының нәтижелері бойынша 2- орынға ие болды.
Айта кетейік, жарысқа 20 мемлекеттен 94 спортшы қатысты.