ҚазҰУ студенті халықаралық суда жүзу жарысында жеңімпаз атанды
21 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Қазақ Ұлттық университетінің студенті халықаралық «Oceanman Kazakhstan-2023» ашық суда жүзу жарысында жеңімпаз атанды, деп хабарлады Elorda.info.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі таратқан мәліметке сүйенсек, жарыс Астананың 25 жылдығына орай өткізілген. Чемпионатта топ жарған Елдар Шекербек жыл соңында Таиландта өтетін финалға қатысып, бақ сынайды.
Бұл жарысқа әлемнің 20 елінен 7 жастан 70 жасқа дейінгі және одан жоғары сегіз санаттағы жүзуші спортшылар қатысты.
Айта кетейік, «Oceanman» халықаралық жүзу жарыстары теңізде немесе ашық су айдындарында өткізіледі.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 12:42
Конференция лигасы: «Астана» португалиялық «Витория» командасын қабылдайды
27 қараша, 2024
Cross Ice Hockey 4x4: Елордада балалар арасындағы ерекше хоккей жарысы мәресіне жетті
27 қараша, 2024
Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатында топ жарды
27 қараша, 2024
Бокс: XXXII Азия чемпионатынан не күтуге болады