Астаналық Жәмилә Бақбергенова төрт дүркін Азия чемпионы атанды

Фото: Ұлттық олимпиада комитеті
Әйелдер күресінен Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Жәмилә Бақбергенова 72 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде чемпион атанды, деп хабарлады Elordainfo.kz Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.
Қазақстандық балуан финалдық бәсекеде Қытай спортшысы Юци Люден 4:1 есебімен басым түсті. Осылайша ол Азия чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы атанды.
Айта кетейік, Қазақстан әйелдер құрамасы бұл чемпионатты екі жүлдемен аяқтады. Бұған дейін Зейнеп Баянова қола медаль иеленген болатын.
Еркін күрестен жарыстар 29 наурызда басталады.
Ұқсас жаңалықтар

18 тамыз, 2025
Қостанайлық әскери қызметшілер марафонда жүлдегер атанды

18 тамыз, 2025
Конституцияның 30 жылдығына орай елордада спартакиада өтті

18 тамыз, 2025
Азия чемпионаты: Қазақстан слаломды есуден екі медаль жеңіп алды

18 тамыз, 2025
Қазақстан бадминтоннан Ганадағы турнирде қола жүлдеге қол жеткізді