Астаналық шахматшы әлем кубогында сенсация жасады

Фото: instagram.com/m_kamalidenova
Шахматтан әйелдер арасында Грузияның Батуми қаласында жалғасып жатқан әлем кубогында Меруерт Камалиденова (рейтингте 59-орын) 1/32 финалда қазіргі чемпион саналатын Александра Горячкинаны (рейтингте 6-орын) жеңіп кетті, деп хабарлады Elordainfo.kz.
Әлемнің 107 шахматшысы бақ сынап жатқан бәсекеде әр қатысушы қарсыласымен классикалық форматта 2 партия ойнап, өзара жеңімпазды анықтайды. Енді жерлесіміз ертең қара фигурада ойнайды.
2021 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан турнирде ең үздік нәтижені Динара Сәдуақасова тіркеген. Ол 2021 жылы ширек финалға дейін жетіп, дәл осы Александра Горячкинаға жол берген болатын.
Ұқсас жаңалықтар

Бүгін, 14:58
Геннадий Головкин әлем чемпионы Айдос Сұлтанғалимен кездесті

Бүгін, 08:53
Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Македониямен тең ойнады

13 қазан, 2025
Қазақстан семсерлесуден «Мықтылар турнирінде» үш алтын медаль жеңіп алды

13 қазан, 2025
«Қайрат» - «Пафос» матчына билеттер сатыла бастады