Астанада жеңіл атлетикадан алғаш рет әлемдік деңгейдегі турнир өтеді
Жеті қаланы қамтитын Алтын деңгейдегі кездесулер сериясы 27 қаңтарда Астанада басталып, 23 ақпанда Мадридте аяқталады, деп хабарлады Elorda.info.
Астанада төмендегі санаттағы жарыстар өтеді:
- Әйелдер: 400м, 60м, 1 миль, 60м кедергілер арқылы, биіктікке және ұзындыққа секіру.
- Ерлер: 60м, 60м кедергілер арқылы, 3000м, 400м, сырықпен секіру, ядро лақтыру.
Турнирге қатысуға тіркелген спортшылар арасында сырықпен секіру бойынша қазіргі әлем рекордшысы Арманд Дуплантис, 200 м жүгіруде Гауһар лигасы финалының жеңімпазы – канадалық спринтер Арне де Грасс, 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы, Рио-де-Жанейро Олимпиадасының күміс жүлдегері – Ниа Али, сондай-ақ 100 м кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионы – Тоби Амусан сияқты жеңіл атлетиканың әлемдік жұлдыздары бар.