00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада шахматтан әлем чемпионатының ашылуы қалай өтеді

31 шілде, 2024
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада шахматтан әлем чемпионатының ашылуы қалай өтеді
Фото: дереккөз

Астанада 1 тамыз күні FIDE World Rapid and Blitz Team Championships 2024 ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлады Elorda.info қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Астанаға әлемнің бірнеше дүркін чемпиондары мен ерлер мен әйелдер рейтингінің бірінші нөмірлері Магнус Карлсен мен Хоу Ифань, қазіргі әлем чемпиондары Джу Вэньцзюнь мен Дин Лижэнь келеді.

Кеш бағдарламасында:

- FIDE-нің 100 жылдығына арналған 45-ші шахмат олимпиадасының салтанатты алау эстафетасы. Амфитеатр сахнасындағы отты Магнус Карлсен мен Хоу Ифань тұтатады.

- ORDA тобының қатысуымен қызықты шоу-бағдарлама.

- Естелік сыйлықтар. Оған қатысу үшін билет сатып алу керек. Осыдан кейін қатысушыда жаңа iPhone, AirPods, Яндекс станциясы Алиса және әлем чемпиондарының қолтаңбасы бар тақтаны ұтып алу мүмкіндігі болады.

Чемпионаттың ашылуы 1 тамыз күні Тұран көшесі, 2/6 мекенжайындағы Амфитеатрда өтеді. Қатысушылар сағат 18.30-да жиналады.