00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанада футболдан 12 жасқа дейінгілер арасында ел чемпионаты басталды

18 тамыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанада футболдан 12 жасқа дейінгілер арасында ел чемпионаты басталды

Астанада 12 жасқа дейінгі спорт мектептерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан кезекті Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Жарыстың ашылу салтанатына Астана қаласы футбол федерациясының вице-президенті, «Жеңіс» клубының бас директоры Ахмат Амиров, Қазақстан Республикасы футболының аға жаттықтырушысы Айдос Байтенов, Астана қаласы футбол федерациясының вице-президенті Руслан Кенетаев, Астана қаласы әкімдігінің №8 балалар-жасөспірімдер Олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Дінмұхаммед Курамаев қатысты.

Бүгінгі жарысқа қатысушыларға сәттілік тілеймін. Ел чемпионатының арқасында тек футбол ойнап қана қоймай, өзге қаладан келген жас спортшылармен танысуға мүмкіндік аласыздар. Жасөспірім кезімізде біз де сіздер секілді түрлі аймақтық жарыстарға барып, тәжірибе жинадық. Кәсіпқой футболға бет бұрғанымызда кішкентайымыздан ойнап келе жатқан серіктерімізбен қайта қауыштық. Ел намысын бірге қорғадық. Сіздер де өмірлік дос табатындарыңызға сенемін!

Турнирде әділ ойын, шын мықты анықталады деп сенемін, - деді Руслан Кенетаев.

Үздік команда атағы үшін Қазақстанның 12 өңірінен: Астана, Шымкент, Алматы қалалары, Ақтөбе, Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, Жетісу, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарынан 250-ден астам спортшы таласады.

Астана қаласы әкімдігінің №8 балалар-жасөспірімдер Олимпиадалық резерв мектебінің басшысы Дінмұхаммед Курамаев аталмыш турнирге өз бағасын берді:

12 жасқа дейінгілер арасында ұйымдастырылып жатқан ел чемпионатының деңгейіне разымын. Жасөспірімдер арасында көп турнир болған сайын шәкірттеріміздің деңгейі артатыны сөзсіз.

«Кім фаворит?» деген сұраққа нақты жауап бере алмаймын. Әр облыстың өзіндік тактикасы, стилі бар. Шымкенттік футболшылар техникалық шеберліктерін әрдайым дәлелдеп келеді. Ақтаудың спортшылары жеңісті мінездің арқасында алады. Астаналықтар тәртіптің нәтижесінде жеңіске жетіп жатыр. Кім мықты? Барлығын 1 аптадан кейін ғана көретін болатынбыз.

Маған ең ұнайтыны 12 жасқа дейінгі футболшылар эмоцияға ерік беріп, шынайы ойнайды. Ересектерде осындай сәттерді байқай бермеймін.

Турнир 17-25 тамыз аралығында «Жас Батыр» стадионында өтеді.

Қанат БАЙҰЗАҚОВ