Елордада бәйгеден республикалық турнир өтеді
3 шілде, 2024
Олжас Сүлейменов
Фото: дереккөз
Қала әкімдігінің қолдауымен Астана күніне орай қалалық ұлттық және олимпиадалық ат спорты түрлері федерациясының ұйымдастыруымен бәйгеден республикалық «Астана кубогі» турнир өтеді, деп хабарлады Elorda.info.
Еліміздің барлық өңірінен үздік шабандоздар «Астана-Талапкер» тасжолындағы елордалық ипподромда бақ сынайтын болады.
Жарыс бағдарламасында 7 шақырымдық «Құнан» және «Жорға», 15 шақырымдық «Топ» және 22 шақырымдық «Аламан» бәйге бар. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 30 миллион теңге.
Жарыс 8 шілдеде сағат 12.00-де басталады. Кіру тегін.
Ұқсас жаңалықтар
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды
19 қыркүйек, 2024
Күрестен әлем чемпионаты: Қыздар құрамасы жасақталды
18 қыркүйек, 2024
Дзюдошы Ғалия Тынбаева әлемдік рейтингте алғашқы ондыққа енді
18 қыркүйек, 2024
Елордада теннистен Қазақстанның жазғы чемпионатының үздіктері белгілі болады