Астанада алғаш рет футболдан аналар командасы құрылды
18 шілде, 2024
Олжас Сүлейменов
Елорда әкімдігінің ресми сайты
Астанадағы Сырбай Мәуленов атындағы №37 мектеп-лицейінде алғаш рет “Арыс 37” атты футболдан аналар командасы құрылды, деп хабарлады Elorda.info.
Биылғы мамыр айында құрылған команда құрамында шаштараз, жеке кәсіпкер, есепші, мұғалім және бала күтімімен үйде отырған аналар бар.
Олардың мақсаты - салауатты өмір салтын сақтау. Сонымен қатар жыл сайын аналар арасында Мәскеуде өтетін чемпионатта еліміздің намысын қорғамақ. Оған қолдау көрсететін демеушілер де табылған.
Қауырт жұмыстарына қарамастан аптасына үш рет кешкі уақытта бас қосып, доп теуіп, жаттығу өткізетін аналар спорттың бұл түріне өз қызығушылықтарымен келгендерін айтады.
Ұқсас жаңалықтар