Елена Рыбакинаның Майами мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 7-ракеткасы Елена Рыбакинаның Майами WTA 1000 турниріндегі қарсыласы анықталды, деп хабарлады Elorda.info.
Мастерс жарысының 10-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 64-орында тұрған ресейлік Анна Калинскаямен шеберлік байқасады.
А.Калинская алғашқы айналымда рейтингте 171-сатыдағы Андорра өкілі Виктория Хименес-Касинцеваны 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді.
Жүлде қоры 8,8 млн АҚШ долларына бағаланған Майами додасы 2 сәуірге дейін созылады.
Оқи отырыңыз: Елена Рыбакина АҚШ-тағы ірі турнирде жеңіске жетті
Былтыр Польша өкілі, әлемнің 1-ракеткасы Ига Швентек чемпион атанса, Елена Рыбакина үшінші айналымға дейін жеткен болатын.
Қазақстанның ерлер арасындағы бірінші, әлемнің 48-ракеткасы Александр Бублик осы Майами мастерс турнирінде бастапқы кездесуін рейтингте өзінен екі саты төмен тұрған америкалық Джеффри Джон Волфпен өткізеді.