00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Астанадағы турнирде үш қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Астанадағы турнирде үш қазақстандық теннисші ширек финалға шықты

Қазақстандықтар Анна Данилина, Жібек Құламбаева және Гөзал Айнитдинова жұптық сында Астанада өтіп жатқан ITF World Tennis Tour «BeeTV 40 Women's» турнирінің ширек финалына шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина үшін алғашқы ойын оңайға түскен жоқ.

Жарыстың бірінші ракеткалары болып тіркелген Данилина Беларусь өкілі Ирина Шимановичпен бірге үш сетке созылған тартысты бәсекеде индонезиялық Джесси Ромпис – гонконгтық Хонг Ю Вонды тізе бүктірді – 6:3, 2:6, 11:9.

Ширек финалда қазақстандық-белоруссиялық жұп таилықтар Луксика Кумхум – Пеангтарн Плипуекпен кездеседі.

Жібек Құламбаева поляк Мартина Кубкамен бірге өзбекстандық Нигина Абдураимова – грузиялық Екатерина Горгодзеден басым түсті – 7:5, 4:6, 10:7. Олар жартылай финалға шығу үшін доданың екінші ракеткалары, оңтүстіккореялықтар На Лэ Хань – Су Джон Чанмен таласады.

Тағы бір қазақстандық Гөзал Айнитдинова ресейлік Екатерина Маклаковамен бірге ресейліктер Екатерина Макарова – Анастасия Захарованы сүріндірді – 6:3, 6:4. Олардың ширек финалдағы қарсыластары – ресейліктер Виктория Дьяченко – Анастасия Тихонова. В.Дьяченко – А.Тихонова жұбы бастапқы бәсекесінде қазақстандық жастар Асылжан Арыстанбекова – Айя Нұпбайды жеңді – 6:4, 7:6 (7:3).