00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Барыс» бүгін «Нефтехимикпен» кездеседі

31 наурыз, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Барыс» бүгін «Нефтехимикпен» кездеседі

Бүгін Нижнекамск қаласында Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) кезекті маусымдық матчы өтеді, онда «Нефтехимик» «Барысты» қабылдайды, деп хабарлады Elorda.info.

«Нефтехимик» – «Барыс» матчының тікелей трансляциясы Астана уақытымен 22:30-да басталып, Qazsport телеарнасынан көрсетіледі.

40 ойыннан кейін «Барыс» 37 ұпаймен Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде 9-орында, «Нефтехимик» 39 ойыннан кейін 35 ұпаймен соңғы, 11-орында. «Барыс» кезекті маусымдағы соңғы матчында казандық «Ақ Барсты» 3:2 есебімен жеңген, ал «Нефтехимик» негізгі уақытта Магнитогорскінің «Металлургынан» басым болды.