Дэвис кубогының финалына қатысатын Қазақстан ерлер құрамасы анықталды
25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Қазақстан теннис федерациясынан мәліметінше, ұлттық құрама 13-18 қыркүйек күндері командалық әлем чемпионатының (Davis Cup Finals) топтық бәсекесінде өнер көрсетеді.
Қазақстандықтар өз матчтарын Глазго (Шотландия) қаласындағы «Эмирейтс арена» стадионында өткізеді.
Юрий Щукин бастаған бапкерлік штаб мына ойыншыларды іріктеп алды: Александр Бублик, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко, Андрей Голубев, Александр Недовесов және қосалқы құрамда Тимофей Скатов.
Қазақстандықтар «D» тобында Ұлыбритания, АҚШ және Нидерланды құрамаларымен сынға түседі. Бірінші, екінші орынға ие болған командалар Испанияның Малага қаласында қараша айында өтетін Дэвис кубогының ширек финалына жолдама алады.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:45
Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтеді
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды