00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық теннисші Торонто турнирінің ширек айналымына шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық теннисші Торонто турнирінің ширек айналымына шықты

Қазақстандық теннисші үшінші айналымда әлемнің 35-ракеткасы, америкалық Элисон Рискпен кездесіп, жеңіске жетті. Ол бірінші партияда қарсыласын 6:3, екінші сетте 2:5 есебімен ұтылып жатып, қатарынан бес геймді ұтып, 7:5 есебімен жеңді.

Енді Путинцева жартылай финалға шығу үшін әлемнің 7-ракеткасы, тағы бір америкалық Джессика Пегуламен кездеседі.

Юлия жұптық сында да жақсы өнер көрсетуде. Ол америкалық Софья Кенинмен бірге доданың алтыншы ракеткалары, латвиялық Елена Остапенко – украиналық Людмила Киченокты 1:6, 6:1, 10:4 есебімен ұтып, ширек финалға шықты.