00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Таеквондодан Қазақстан ұлттық құрамасының жаңа бапкері тағайындалды

Ұлттық құраманың бас бапкері қызметіне Батырбек Есдәулетов келді. Сондай-ақ Серік Палмағамбетов мемлекеттік жаттықтырушы қызметіне кірісті. 

Айта кетерлігі, Батырбек Есдәулетов осыған дейін таеквондодан Қазақстан құрамасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарған. Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 1997-2007 жылдар аралығында Қазақстан чемпионы және Қазақстан Кубогының иегері, Жазғы спартакиада жеңімпазы, Азия чемпионатының және бірқатар халықаралық турнир жүлдегері.