00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» финалға шықты

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Чемпиондар лигасы: «Ливерпуль» финалға шықты

Турнирдің жартылай финалының қарымта кездесуінде 2:3 есебі тіркелді.

"Эстадио-де-ла-Керамика" стадионында өткен ойында алдымен алаң иелері екі рет ерекшеленді. "Вильярреал" сапында Булай Диа (3 минут) және Франсис Коклен (41 минут) көзге түссе, үзілістен кейін Фабиньо (62 минут), Луис Диас (67 минут) және Садио Мане (74 минут) гол соқты.

Матчтың аяқталуына бес минут қалғанда испаниялықтардың сапында Этьен Капу екінші ескертуін алып алаңнан қуылды.

Еске салайық, Тұманды Альбиондағы алғашқы кездесу Юрген Клоптың командасына 2:0 есебімен аяқталған еді. Енді "Ливерпуль" финалда "Реал" мен "Манчестер Сити" жеңімпазымен кездеседі.