00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

«Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» басым түсті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
«Манчестер Сити» «Реал Мадридтен» басым түсті

Алғашқы ойында «Манчестер Сити» (Англия) және «Реал Мадрид» командалары кездесті. Мамандар ағылшындық клубтың басымдығына алдын ала болжам жасаған еді. Дегенмен ойын барысында командалар бір-біріне лайықты қарсылық көрсетті. Алдымен «Манчестер Сити» сапынан Кевин Де Брёйне 2, Габриэль Жезус 11-минуттарда мергендік танытса, оған испандық клубтан Карим Бензема 33-минутта бір голмен жауап қайырды. Екінші кезеңде алаң иелері сапынан Фил Фоден 53, Бернарду Силва 74-минуттарда гол соқты. Ал «Реал Мадрид» қатарынан Винисиус Жуниор 55, Карим Бензема 82-минуттарда екі голдың авторы атанды.

Осылайша, «Манчестер Сити» қарсыласынан 4:3 есебімен басым түсті. Айта кетерлігі, екі команда арасындағы соңғы үш кездесуде «Манчестер Сити» қатарынан үш мәрте жеңіске жетті. Испандық клуб оларды 2016 жылдың 4 мамырында 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Екі команданың қарымта ойыны 4 мамырға белгіленген. Сондай-ақ жартылай финалда бүгін, 27 сәуірде «Ливерпуль» (Англия) және «Вильярреал» (Испания) шеберлік байқасады.