00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Қазақстандық паралимпиадашылар Қытайда жаттығуға кірісті

25 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Қазақстандық паралимпиадашылар Қытайда жаттығуға кірісті

Қазақстан сапынан қысқы Паралимпиада ойындарына екі спорт түрінен бес спортшы қатысады.

Паралимпиада ойындарында отандық атлеттер пара шаңғы мен парабиатлон бойынша бақ сынайды.

Ел құрама сапынан жарыс жолына шығатын спортшылар келесідей: Александр Герлиц, Ербол Хамитов, Сергей Усольцев, Юрий Березин мен Денис Петренко.

Айта кетерлігі, Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 4 наурыз күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 22:00-де өтеді.

Ашылу салтанатында пара шаңғы жарысынан әлем кубогінің қола жүлдегері Ербол Хамитов Қазақстан паралимпиадалық құрамасының Туын ұстап шығады.