00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Бейжің-2022: Қысқы Олимпиаданың алау эстафетасы басталды

24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Бейжің-2022: Қысқы Олимпиаданың алау эстафетасы басталды

Салтанатты рәсім Бейжіңнің солтүстігіндегі Олимпиадалық саябақтан бастау алды. Алау эстафетасын ресми түрде Қытай мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері Хань Чжэн ашты. 

Ғаламдық пандемияға байланысты эстафетаның бағыты мен ұзақтығы біршама қысқарды. Коронавирусты инфекцияның алдын алу мақсатында эстафетаға көрермендер қатыспайды. Одан бөлек, алауды адамдар тұратын көшелер мен аудандардан алыс жерлерде алып жүру көзделген. 

Эстафета үш олимпиадалық кластердегі 12 кезеңнен тұрады. Алауды алып жүруге 14 пен 86 жас аралығындағы жалпы есебі 1 200 алау ұстаушы қатысады. Сондай-ақ, тарихта алғаш рет алауды адамдар ғана емес, машиналар да алып жүрмек.