Футзалдан чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыластары анықталды
24 ақпан, 2023
Елорда ақпарат
Негізгі кезеңнен сүрінбей өткен 16 команда 4 топқа бөлінді. Бұл кезеңде бақ сынайтын алматылық «Қайрат» футзал командасы «А» тобында «Тюмень», «ВитЭн» және «Аньер-Вильнев» командаларына қарсылас атанды.
Жалпы жеребенің қорытындысы төмендегідей:
«А» тобында: «Тюмень», «ВитЭн», «Аньер-Вильнев», «Қайрат».
«В» тобында: «Спортинг», «Ховокубо», «Олмиссум», «Синара».
«С» тобында: «Виктория Пльзень», «Добовец», «Халле-Гооик», «Барселона».
«D» тобында: «Бенфика», «Ураган», «Халадаш», «Леванте».
Чемпиондар лигасының элиталық кезеңі 30 қараша мен 5 желтоқсан арасында өтеді. Ал финалдық кезеңге топтың жеңімпазы шығады.
Айта кетейік, «Қайрат» командасы өз тарихында элиталық кезеңге 15 рет шығып отыр. Бұл футзал тарихында рекордтық көрсеткіш.
Ұқсас жаңалықтар
Бүгін, 14:45
Астанада үстел теннисінен алғаш рет Азия чемпионаты өтеді
Бүгін, 13:51
Абу-Дабидегі Grand Slam турниріне қатысатын дзюдошылар анықталды
Бүгін, 11:38
Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының 1/8 финалына шықты
19 қыркүйек, 2024
Астаналық хоккейшілер Қытайда өткен турнирде қола жүлдегер атанды