«Жан тебірентерлік хат»: Абай Бегей ұлының тойында жылап қалды
Белгілі әнші Абай Бегейдің ұлы үйленді, деп хабарлады Elorda.info.
Тойда әншінің ұлы Жалғас өмірден өткен анасына «Анаға сағыныш» атты өлеңін оқып, дүйім жұртты жылатты.
Бұл туралы Абай Бегейдің үлкен қызы Ерке әлеуметтік желідегі парақшасында:
Жалғастың анасына алғыс хаты
Өзінің ең бақытты күнінде мамамды еске алмасам ұят деп, ішкі сезімін қағазға осылай түсіріпті.
Анам да бүгінгі күнді сезіп бір аунап жатқан шығар, жаның жәннатта болсын, - деп жазды ол.
Тойда әншінің ұлы анасына өлең жолдарын оқыды.
Сәлем, анашым! Балаларыңыз болып, сізге хат жазамыз шештік. Балаларыңыз сіздің құшағыңызды сағынды. Басымыз біріксе өзіңізбен өткен тәтті сәттерді еске алып, жылап аламыз. Біріміз күйеуге шығып, біріміз үлкен өмірге қадам басқалы жатырмыз. Міне, сіздің жалғыз ұлыңыз өзіңізден аумайтын жанды әулетімізге әкеліп, жоқтығыңызды жасырып жатыр. Анашым, сіз өте арманшыл едіңіз ғой. Кезінде сіз армандаған нәрсенің бәрі қазір орындалуда. Бірақ, қазір сіз жоқсыз. Жаныңыз жәннатта болсын, анашым! Балаларыңыз сіз үшін дұғада, - деп видеоролик көрсетілді.
«Ананың орны әрдайым бөлек. Ананың орнын басып, барын салып жүрген Фаризаға мың алғыс», «Біріне әпке, біріне ана, біріне дос болып жүрген Фариза жас болса да, өте ақылды», «Абай аға да сағынып, еске алып, егіліп жылап алды-ау. Фаризадай жанына жар бұйырғанына шүкір! Жанына жолдас болып, ұрпақтарын жылатпай өсіріп отырған», «Қандай керемет, жан тебірентерлік хат!» - деп жазды оқырмандар.