Төреғали Төреәлінің қарындасы ажырасу жайлы өз ойын айтты
Белгілі әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі өзінің Instagram парақшасында ажырасуға қатысты өз пікірімен бөлісті, деп хабарлады Elorda.info.
Мен стористе опрос жасадым. Сол опростың нәтижесі бойынша көптеген отбасылардың ажырасу себебі – отбасыға адамдардың араласуы, - деді Фариза Төреәлі.
Блогердің күйеуі Дархан да оны қолдап, ажырасудың негізгі себебін айтты. Оның айтуынша, ажырасу тек ер адамға байланысты.
Ажырасудың басты себебі – ер адам. Неге? Себебі үйленгеннен кейін ол баладан ересек позициясына уақытылы көше білу керек. Ол ересек позициясы қандай? Өз-өзіне жауапкершілік алып, сырттан ешкімді кіргізбеу. Менің отбасым, менің өмірім деп өз өміріне жауапкершілік ала білу, - деді ол.
Желі оқырмандары жас отбасының ойларына келісіп, әртүрлі пікірлер қалдырды.
Сана биігінде жолыққандар», «Дархандай ер-азамат жолықсын», «Отбасыларыңызға береке берсін. Бәрі сіздер сияқты ойласа», «Жас та болса, өте білімді жандар, - деп жазды олар.
Аруза Боранбаева