«Тойыңның алдында... »: Өмірқұл Айниязовтың ұлы жол апатына түсті
17 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Бұл туралы отандық әнші Өмірқұл Айниязов өзінің Instagram парақшасында айтты, деп хабарлады Elorda.info.
«Бір баласы бардың шығар-шықпас жаны бар» деуші еді қазақ. Жанымыз бір шығып, кірді-ау, балам. Тойыңның алдында Алланың сынағы деп қабылда. Үлкен жол апаты болды. Халыққа естіртпей, артын күттік. Шүкір жақсы, ағайын, тойда жолығайық, – деп жазды әнші.
Алайда, әнші аталған жол апатының нақты қашан және қандай жағдайда болғаны туралы ешнәрсе жазған жоқ. Желі қолданушылары өнер иесінің ұлына саулық тілеп, пікір жазды.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты