Танымал әнші Kalifarniya үйленді
8 шілде, 2023
Елорда ақпарат
Танымал әнші Kalifarniya үйленді. Бұл жаңалықты белгілі өнер адамдары әлеуметтік желідегі парақшаларында жариялап жатыр, - деп хабарлады Elorda.info Massaget.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесінің таңдауы Анеля есімді қызға түскен.
Бұған дейін Анеля әншінің бейнеклиптеріне түскен еді. Сондай-ақ, TikTok арқылы да көпшілікке таныс.
Kalifarniya лақап атымен танымал әншінің шын аты - Фархат Қалиев. Әнші 2000 жылы Ақтөбеде дүниеге келген. Музыкалық мектепте оқығанымен, жоғары кәсіби білім алмаған. Ол - «Роза», «Доза», «Қар», «Пуэрто-Рикодағы қызға бас кетеді» әндерінің авторы әрі орындаушысы.
Ұқсас жаңалықтар
18 қараша, 2024
Әнші Жолбарыс Сейфуллин екінші әйелімен ажырасып кетті
15 қараша, 2024
Мақпал Жүнісова желіде анасына әсерлі жазба арнады
14 қараша, 2024
«Қазақ аруы-2024»: Баян Алагөзова байқау нәтижесіне байланысты пікір білдірді
14 қараша, 2024
Дариға Бадықова алғашқы фильмін кімге арнап түсіргенін айтты