00:00
Астана -10oC
USD:
473.29
EUR:
512.81
RUB:
5.47
Іздеу

Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты

18 шілде, 2023
Елорда ақпарат Елорда ақпарат
Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты
Фото: ашық дереккөз

Эстрада жұлдызы, әнші Төреғали Төреәлі бостандыққа шықты. Бұл туралы әншінің адвокаты Эльнура Кішкенебаева өзінің TikTok-парақшасында мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Өнер иесінің адвокаты қазір әнші үйіне барғанын жеткізді.

Төреғали ұлдарыңыз бостандыққа шықты. Қолдап, қорғаған оқырмандарға мың алғыс! Бәрі жақсы, уайымдағандарыңыз үшін рақмет айтамын! – деп жазды адвокат.

Адвокат әншіге қолдау көрсеткен оқырмандардың пікірін жинап, видео жүктеді.

Еске салайық, әнші мас күйінде көлік айдап, ұсталған болатын. Ол 20 тәулікке қамауға алынып, 7 жылға көлік айдау құқығынан айырылды.